НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

227-бап. Қызметтің тұрақты орны болған кездегі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

бейрезиденттің тұрақты мекемесі
1. Қазақстан Республикасының аумағында:
1) тауарларды өндіру, қайта өңдеу, жасақтау, орау, қаптау және (немесе) өткізу жүзеге асырылатын кез келген орын;
2) кез келген басқару орны, офис, кеңсе, фабрика, бөлімше, шеберхана, шахта, мұнай немесе газ ұңғымасы, карьер немесе табиғи ресурстарды өндіретін басқа да орын;
3) жер қойнауы геологиялық зерделенетін, пайдалы қазбаларды барлау, барлауға және өндіруге дайындық жұмыстары және (немесе) пайдалы қазбаларды өндіру жүзеге асырылатын және (немесе) пайдалы қазбаларды барлауды және (немесе) өндіруді бақылау, байқау және (немесе) қадағалау жөніндегі жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетілетін кез келген орын;
4) құбыржолға байланысты қызмет (оның ішінде бақылау немесе байқау қызметі) жүзеге асырылатын кез келген орын;
5) ойын автоматтарын (жалғамаларымен қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, баптауға және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiктік немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
6) құрылыс қызметі және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылатын, сондай-ақ осы жұмыстардың орындалуын бақылау, байқау және (немесе) қадағалау жөніндегі қызметтер көрсетілетін кез келген орын;
7) осы Кодекстің 226-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асыратын өкілдікті қоспағанда, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі тұрған жер;
8) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында бейрезиденттің атынан делдалдық қызметті жүзеге асыратын тұлға тұрған жер;
9) егер бірлескен қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған жағдайда, бейрезидентпен жасалған мұндай бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушы резидент тұрған жер бейрезидент қызметінің тұрақты орны деп танылады. Тауарларды көрмелер мен жәрмеңкелерде өткізуді қоспағанда, осы тармақтың ережелері жүзеге асырылу мерзімдеріне қарамастан, бейрезидент көрсетілген тұрақты орын арқылы Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асырған жағдайда қолданылады.
2. Бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін көрмелер мен жәрмеңкелерде тауарларды өткізуі, егер мұндай өткізу күнтізбелік он күннен асатын болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-227/