НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

228-бап. Бейрезидент жалданған жұмыскерлер немесе басқа персонал

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

арқылы қызметтерді көрсеткен, жұмыстарды орындаған кездегі бейрезиденттің тұрақты мекемесі
1. Бейрезидент жалданған жұмыскерлер немесе басқа персонал арқылы қызметтерді көрсеткен, жұмыстарды орындаған кезде бейрезидент қызметінің тұрақты орны, егер мұндай қызмет бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келсе:
1) кез келген қатарынан он екі айлық кезең шегінде Қазақстан Республикасының аумағында күнтізбелік бір жүз сексен үш күннен астам жалғасатын болса;
2) бір жоба немесе байланысты жобалар шеңберінде қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап жүзеге асырылcа, тұрақты мекеменің құрылуына алып келеді.
2. Мынадай:
1) өзара байланысты;
2) өзара тәуелді;
3) ұқсас келісімшарттар (шарттар) байланысты жобалар деп танылады.
3. Бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) мұндай келісімшарттар (шарттар) бойынша бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы бір ғана сол салық агентіне немесе оның өзара байланысты тарапына бірдей немесе осыған ұқсас қызметтер (жұмыстар) көрсететін (орындайтын);
2) бір келісімшарт (шарт) бойынша қызметтер көрсету (жұмыстар орындау) аяқталған күн мен басқа келісімшарт (шарт) жасалған күн арасындағы уақыт кезеңі қатарынан он екі айдан аспайтын келісімшарттар (шарттар) өзара байланысты келісімшарттар (шарттар) деп танылады. Бірдей жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – өздеріне тән бірдей негізгі белгілері бар, оның ішінде біліктілігі мен іскерлік беделі салыстырмалы мердігерлер, орындаушылар орындайтын бірдей әдістемелер, технологиялар, тәсілдер пайдаланыла отырып іске асырылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер. Ұқсас жұмыстар, көрсетілетін қызметтер – бірдей емес, ұқсас сипаттамалары бар және сол бір функцияларды орындауға және бірін-бірі алмастыруға мүмкіндік беретін ұқсас құрамдастардан тұратын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер.
4. Бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының бір келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындамауы осындай бейрезиденттің немесе оның өзара байланысты тарапының басқа келісімшарт (шарт) бойынша міндеттемелерді орындауына әсер ететін жағдайда салық агентімен немесе оның өзара байланысты тарапымен бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы арасында жасалған келісімшарттар (шарттар) шеңберінде көрсетілетін қызметтер, жұмыстар жүзеге асырылатын келісімшарттар (шарттар) өзара тәуелді келісімшарттар (шарттар) деп танылады.
5. Бейрезидент немесе оның өзара байланысты тарапы: ұқсас сипаты мен мақсаты бар; ұқсас мазмұны бар; сол бір технология бойынша жүзеге асырылатын; сол бір инфрақұрылыммен байланысты; жүзеге асыру кезінде сол бір ресурстар (жабдықтар, жұмыскерлер, инфрақұрылым) пайдаланылатын; бірдей немесе ұқсас қызметтерді көрсететін және (немесе) жұмыстарды орындайтын келісімшарттар (шарттар) ұқсас келісімшарттар (шарттар) деп танылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-228/