Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
229-бап. Бейрезидент тәуелді агент арқылы қызметті жүзеге асырған
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
кездегі бейрезиденттің тұрақты мекемесі
1. Бейрезидент қызметті Қазақстан Республикасының аумағында тәуелді агент арқылы жүзеге асырған жағдайда, мұндай қызмет осындай қызметті жүзеге асыру мерзімдеріне қарамастан, тұрақты мекеменің құрылуына алып келеді.
2. Тәуелді агент – бейрезидентпен шарттық қатынастар негізінде:
1) Қазақстан Республикасында бейрезиденттің мүдделерін білдіруге;
2) бейрезиденттің атынан және есебінен әрекет етуге және (немесе) белгілі бір заңдық әрекеттер жасауға, оның ішінде шарттар жасасуға уәкілеттік берілген тұлға.
Тәуелді агенттің қызметі дайындық немесе көмекшi сипаттағы қызмет түрлерімен шектелмейді.
Осы тармақтың ережесі кеден өкілінің, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының қызметіне және өзге де брокерлік қызметке (сақтандыру брокерінің қызметін қоспағанда) қолданылмайды.
3. Қазақстан Республикасында тауарлар запасының сақталуын қамтамасыз ететін және (немесе) мұндай тауарларды өз атынан немесе бейрезиденттің атынан тұрақты түрде жеткізетін тұлға да тәуелді агент деп танылады.
4. Егер еншілес ұйым осы баптың 1-тармағына сәйкес тәуелді агент деп танылса, бейрезиденттің Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған еншілес ұйым арқылы жүзеге асырылатын қызметі бейрезиденттің тұрақты мекемесінің құрылуына алып келеді.
Резидент-заңды тұлғаның капиталына бейрезиденттің қатысуы мұндай резидент-заңды тұлғаны бейрезидент қатысушының тәуелді агенті деп тануға негіз болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-229/