НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

230-бап. Бейрезидент бірлескен қызметті жүзеге асырған кездегі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

бейрезиденттің тұрақты мекемесі
1. Бейрезиденттің бірлескен қызмет туралы шарт негізінде қызметті жүзеге асыруы осындай қызмет Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған жағдайда бейрезиденттің тұрақты мекемесінің құрылуына алып келеді. Мынадай:
1) қызмет тікелей Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған;
2) тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайларда қызметті бірлескен қызмет туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру деп танылады.
2. Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды осындай шарттың әрбір қатысушысы осы Кодексте айқындалған тәртіппен дербес жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-230/