НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

256-бап. Кірістерді түзету

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Осы бапта белгіленген жағдайларда, есепті салықтық кезеңдегі кірістің мөлшерін бұрын танылған кірістің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту түзету болып танылады.
2. Кірістер:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін баға, өтемақы өзгертілген жағдайларда түзетілуге жатады. Осы тармақшаның ережесі өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ұлттық валютада төленуге құнының сомасы шарттың талаптары негізге алына отырып өзгертілген кезде де қолданылады;
4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері жасалған жағдайларда түзетілуге жатады.
3. Кірістерді түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-256/