НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

261-бап. Директорлар кеңесі немесе өзге басқару органы мүшелерінің

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

сапарлары бойынша өтемақыларды шегеру
1. Жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесі немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органы мүшелерінің сапарлары бойынша шеккен шығыстардың өтемақысы шегерілуге жатады. Мұндай шығыстарға:
1) бронь мен багаж үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындайтын жерге және кері қайтуға жол жүру шығыстары;
2) бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болған уақыт ішінде тұру шығыстары;
3) директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге басқару органының мүшесіне басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болған уақыт үшін салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін ақша сомасы;
4) келуге және кетуге рұқсаттарды (визаны) ресімдеу (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) жатады. Шегерім осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде электрондық нысанда ресімделген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін:
1) салық төлеуші дербес ресімдеген, директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге басқару органының мүшесін басқарушылық міндеттерді орындау үшін іс-шараға шақыруы, осындай іс-шара өткізілетін орын мен күн қамтылған құжатта көрсетілген межелі орын басқарушылық міндеттерді орындау орны болып табылады;
2) басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болу уақыты, кету және келу күндерін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген басқарушылық міндеттерді орындау орнына кету және кері қайтып келу күндері негізге алына отырып, күндер саны негізінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-261/