Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
262-бап. Өкілдік шығыстарды шегеру
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 245. Вычет сумм представительских расходов
· толық сәйкестік кестесі
1. Өкілдік шығыстарға мынадай:
1) өзара ынтымақтастықты орнату немесе қолдап отыру бойынша;
2) салық төлеушінің директорлар кеңесінің, атқарушы органдарынан басқа, өзге басқару органының отырыстарын ұйымдастыру және (немесе) өткізу бойынша өкілдік іс-шараларын өткізу кезінде олардың өткізілу орнына қарамай жүргізілетін, жеке тұлғаларды, оның ішінде салық төлеушінің штатында тұрмайтындарды қабылдау жөніндегі шығыстар жатады.
Өкілдік шығыстарға, оның ішінде:
1) іссапарлар кезіндегі өтемақыларға жатқызылатын шығыстарды қоспағанда, өкілдік іс-шараларға қатысушы адамдарды көлікпен қамтамасыз етуге;
2) өкілдік іс-шараларды өткізу барысында мұндай адамдарды тамақтандыруға;
3) ұйымның штатында тұрмайтын аудармашылардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге;
4) өкілдік іс-шараларды өткізу үшін үй-жайларды жалдауға және (немесе) безендіруге арналған шығыстар да жатады.
2. Мыналар:
1) салық төлеушінің өкілдік іс-шараны өткізу мақсаты және оны өткізуге жауапты адамдар көрсетілген, оны өткізу туралы бұйрығы немесе өкімі;
2) салық төлеуші бекіткен осындай іс-шара шығыстарының сметасы;
3) жауапты адамдардың өткізілген өкілдік іс-шара туралы оның өткізілген күні мен орны, өткізілген іс-шараның нәтижелері, қатысушылар құрамы, іс-шаралар бағдарламасы, іс жүзінде жүргізілген шығыстар көрсетілген есебі;
4) өкілдік шығыстардың негіздері мен жүзеге асырылуын растайтын бастапқы және өзге де құжаттар өкілдік шығыстарын шегеруді жүзеге асыруға негіз болып табылады.
3. Өкілдік шығыстар салықтық кезең ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 426-бабының 1) тармақшасында көрсетілген, жұмыскерлердің салық салынуға жататын кірістері бойынша шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.
4. Шақырылған адамдарды теміржол, теңіз және әуе көлігімен көліктік қамтамасыз етуге, олардың тұруына, визаларды ресімдеуге, сондай-ақ өкілдік іс-шараларға қатысатын адамдардың бос уақытын, ойын-сауықтарын, демалысын ұйымдастыруға арналған шығыстар өкілдік шығыстарға жатпайды және шегерімге жатқызылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-262/