Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
274-бап. Тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Мыналар:
1) тіркеп-белгіленген активтер бойынша осы Кодекстің 280-бабына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
2) осы Кодекстің 281-бабына сәйкес тіркеп-белгіленген активтер бойынша кейінгі шығыстар;
3) осы Кодекстің 282-бабының 2, 4 және 5-тармақтарына сәйкес салықтық кезеңнің соңындағы І топ объектісінің және (немесе) топтың құндық балансы тіркеп-белгіленген активтер бойынша шегерімдер болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-274/