Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
275-бап. Тіркеп-белгіленген активтер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тіркеп-белгіленген активтерге жатады:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген активтерді қоспағанда, келіп түскен кезде салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есепке алуында халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынған және есепті және (немесе) болашақ кезеңдерде кіріс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
2) концессия шарты шеңберiнде концессионер концеденттен иеленуге және пайдалануға алған, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер.
Осы Кодекстің мақсаттарында «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессионер деп танылған тұлға, сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес концессия шартын жасасқан жекеше әріптес, құқық мирасқоры немесе концессионер тек қана концессия шартын іске асыру үшін арнайы құрған заңды тұлға концессионер деп танылады;
3) кіріс алуға бағытталған қызметте бір жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенімгерлік басқарушы сенімгерлік басқаруға алған, қызмет мерзімі бір жылдан асатын активтер;
4) лизинг шартынан басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша алынған және бухгалтерлік есепке алуда ұзақ мерзімді актив ретінде танылған мүлікке қатысты шегілген кейінгі шығыстар;
5) жалға берушіде – лизинг шарты бойынша берілген мүліктен басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша берілген, осындай шарт бойынша берілгеннен кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде есепке алынбайтын мүлік.
2. Мыналар тіркеп-белгіленген активтерге жатпайды:
1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейін өндіру басталған кезге дейін пайдалануға енгізетін және осы Кодекстің 305-бабына сәйкес салық салу мақсаттарында есепке алынатын негізгі құралдар және материалдық емес активтер;
2) мыналарды:
осы баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген активтерді;
осындай активтерді халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әділ құны бойынша есепке алуға байланысты амортизациялық аударымдарын есептеу жүргізілмейтін биологиялық активтерді, жылжымайтын мүлікке инвестицияларды қоспағанда, олар бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес амортизациялық аударымдарын есептеу жүргізілмейтін активтер;
3) ортақ пайдаланылатын құрылысжайлар (концессия шарты шеңберінде концессионер құрған және (немесе) алған, концессия объектілері болып табылатындарын қоспағанда): автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;
4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар;
5) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік балансында пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған деп танылған және солай деп ескерілетін, пайдалы қызмет мерзімі айқындалмаған материалдық емес активтер;
6) бақылау кезеңі ішінде күші жойылмаған инвестициялық салықтық преференциялардың объектілері;
7) осы Кодекстің 316-бабында аталған жер қойнауын пайдаланушының амортизацияланатын активтері;
8) жалға алушыда – лизинг шарты бойынша алынған активтерден басқа, мүліктік жалдау (жалға алу) шарты бойынша уақытша иеленуге және пайдалануға алынған, осындай шарт бойынша алынғаннан кейін бухгалтерлік есепке алуда негізгі құралдар, жылжымайтын мүлікке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер ретінде есепке алынатын активтер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-275/