НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

284-бап. Преференцияларды қолдану

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі бойынша жүзеге асырылады:
1) объект танылғаннан кейінгі шегерім әдісі;
2) объект танылғанға дейінгі шегерім әдісі. Әдісті таңдау преференциялардың әрбір объектісі бойынша инвестициялық салықтық преференциялар бойынша салықтық тіркелімде жүзеге асырылады.
2. Объект танылғаннан кейінгі шегерім әдісін қолдану объектіні тану күніне келетін салықтық кезеңдегі преференциялар объектілерінің бастапқы құнын шегерімге жатқызуды білдіреді.
3. Объект танылғанға дейінгі шегерім әдісін қолдану шығындар іс жүзінде жүргізілген салықтық кезеңде объектінің бастапқы құнына енгізілетін мұндай шығындарды шегерімдерге жатқызуды білдіреді.
4. Салық төлеуші бақылау кезеңі ішінде преференциялар объектілерін есепке алуды тіркеп-белгіленген активтерден бөлек жүзеге асырады. Преференциялар объектілері преференция қолданылған әрбір объект бөлінісінде есепке алынады.
5. Преференциялар жойылмаған преференциялар объектісі бақылау кезеңінен кейінгі салықтық кезеңде осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес болған кезде осы Кодекстің 276 және 277-баптарында айқындалған тәртіппен осындай активтің түріне сәйкес келетін тіркеп-белгіленген активтер тобының құндық балансына енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-284/