Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
285-бап. Преференцияларды жою
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Преференциялар олар қолданыла басталған күннен бастап жойылады және салық төлеуші, егер бақылау кезеңінде мынадай жағдайлардың кез келгені туындаса, олар қолданылған әрбір салықтық кезең үшін шегерімдерді преференциялар сомасына азайтуға міндетті:
1) салық төлеушінің осы Кодекстің 283-бабының ережелерін бұзылуына жол беруі;
2) преференцияларды қолданған салық төлеуші осы Кодекстің 283-бабы 1-тармағы шарттарының кез келгеніне сәйкес келетін жағдайдың туындауы;
3) преференцияларды қолданған салық төлеушінің бірігу, қосылу, бөліну немесе бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылуы.
2. Преференциялары жойылған активтер осы Кодекстің 275-бабы 1-тармағының ережелеріне сәйкес болған кезде олар бухгалтерлік есепке алуда танылған күннен бастап тіркеп-белгіленген активтер деп танылады және осы Кодекстің 276 және 277-баптарында айқындалған тәртіппен осындай активтің түріне сәйкес келетін топтың құндық балансына енгізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-285/