НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

287-бап. Салық салу мақсатында есепке алынған шығындардан

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

(шығыстардан) алып тастауға жататын шығындар (шығыстар) Салық төлеушінің алдыңғы есепті салықтық кезеңдерде салық салу мақсатында есепке алынған шығындары (шығыстары) мынадай жағдайларда:
1) сот тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің осындай салық төлеушіден іс жүзінде алынғанын анықтаған операцияларды қоспағанда, заңды күшіне енген сот актісімен анықталған, басшысы және (немесе) құрылтайшысы (қатысушысы) осындай заңды тұлғаны тіркеуге (қайта тіркеуге) және (немесе) оның қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қатысты болмайтын салық төлеушімен іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасалған операциялар бойынша;
2) осы Кодекстің 7-тарауының 6-параграфында айқындалған тәртіппен әрекет етпейтін деп танылған салық төлеушіні әрекет етпейтін деп тану туралы шешім шығарылған күннен бастап онымен жасалған операциялар бойынша;
3) жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған, жазып берілуі заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық тергеп-тексеру органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен танылған шот-фактурада және (немесе) өзге де құжатта көрсетілген сома бойынша;
4) заңды күшіне енген сот актісі негізінде жарамсыз деп танылған мәміле бойынша шығыстар алып тастауға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-287/