Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
288-бап. Шегерімдерді түзету
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 287. Корректировка доходов и вычетов
· толық сәйкестік кестесі
Бұрынғы кодексте:
Статья 288. Уменьшение налогооблагаемого дохода
· толық сәйкестік кестесі
1. Осы бапта белгіленген жағдайларда, есепті салықтық кезеңдегі шегерімдердің мөлшерін бұрын танылған шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту шегерімдерді түзету деп танылады.
2. Шегерімдер мынадай:
1) тауарлар толық немесе ішінара қайтарылған;
2) мәміле шарттары өзгертілген;
3) сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін баға, өтемақы өзгертілген жағдайларда түзетілуге жатады. Осы тармақшаның ережесі сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің ұлттық валютада төленуге жататын сомасы шарттың талаптары негізге алына отырып өзгертілген кезде де қолданылады;
4) баға жеңілдіктері, сатылым жеңілдіктері жасалған жағдайларда түзетілуге жатады.
3. Шегерімдерді түзету осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған салықтық кезеңде жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-288/