НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

299-бап. Салықтық міндеттеме заттай нысанда орындалған жағдайда, көмірсутектерді беру кезінде корпоративтік табыс салығының мақсаттары үшін жылдық жиынтық кіріс пен шегерімдердің мөлшерін айқындау ерекшеліктері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Жер қойнауын пайдаланушы салықтарды төлеу бойынша салықтық міндеттемені заттай нысанда орындаған жағдайда, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беру күнінде:
1) заттай нысанда орындалған, салықтарды төлеу бойынша орындалған салықтық міндеттеме сомасы жылдық жиынтық кіріске қосуға жатады;
2) салықтарды төлеу есебіне заттай нысанда берілген пайдалы қазбалардың өзіндік құны шегерімге жатқызылады;
3) салықтарды төлеу бойынша заттай нысанда орындалған салықтық міндеттеменің сомасы осы Кодекстің 272-бабында айқындалған тәртіппен шегерімге жатқызылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-299/