Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
300-бап. Қосылған құн салығы шегерімінің ерекшеліктері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Егер корпоративтік табыс салығын төлеуші жай серіктестік (консорциум) құрамында өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы болып табылса және қосылған құн салығы бойынша салықтық нысандарды жасау және ұсыну бойынша салықтық міндеттемелерді орындау осы Кодекстің 507-бабының 3-тармағына сәйкес операторға жүктелсе, осы Кодекстің 259-бабының 3-тармағында көзделген қосылған құн салығы оператордың қосылған құн салығы бойынша декларациясының деректері бойынша көрсетілген жер қойнауын пайдаланушының үлесіне тура келетін мөлшерде шегерімге жатады.
Осы баптың ережелері құны осы Кодекстің 314-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығы бойынша қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-300/