Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
301-бап. Кен орындарын игеру салдарын жоюға арналған шығыстар бойынша шегерімдер және жою қорларына аударымдар сомасының шегерімдері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 252. Вычеты по расходам на ликвидацию последствий
· толық сәйкестік кестесі
1. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жою қорына аударымдар сомасын жылдық жиынтық кірістен шегерімге жатқызады. Көрсетілген шегерім жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезеңде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотқа іс жүзінде жүргізген аударымдар мөлшерінде жүргізіледі.
Жою қорына аударымдардың мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта немесе кен орнын игеру жобасында белгіленеді.
Талап қоюдың ескіру мерзімі ағымдағы салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңде өтетін, мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы салықтық кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық кірісіне қосуға жататын, талап қоюдың ескіру мерзімінен асып кететін салықтық кезеңде анықталған мақсатсыз пайдалану фактісін қоспағанда, көмірсутектер саласындағы немесе пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған жағдайда, мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы мақсатсыз пайдалануға жол берілген салықтық кезеңдегі жер қойнауын пайдаланушының жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты беру кезінде басқа жер қойнауын пайдаланушыдан жою қорының қаражатын алған жағдайда, оны алған жер қойнауын пайдаланушыдағы осындай қаражат:
1) алынған жылы немесе алынған кезінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жою қорын қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екінші деңгейдегі банктегі арнаулы депозиттік шотта орналастырылған жағдайда, жылдық жиынтық кіріске қосылмайды;
2) шегеруге жатқызылмауға тиіс.
2. Жою қорының арнаулы депозиттік шотта орналастырылған қаражаты есебінен жүргізілген шығыстарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының салықтық кезең ішінде кен орындарын игеру салдарын жоюға іс жүзінде шеккен шығыстары, осы шығыстар шегілген сол салықтық кезеңде шегерімге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-301/