НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

302-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының шығыстарын шегеру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызмет бойынша:
1) ғылым саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген, ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының;
2) «Астана Хаб» қатысушыларының жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қордың Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес ғылыми зерттеулерін қаржыландыруға (ақша аударуға) арналған шығыстарды шегеруге құқығы бар.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстарды шегеру мынадай тәртіппен айқындалған оң айырма мөлшерінен аспауға тиіс: есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңнің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің 1 пайызына тең сома алу осы Кодекстің 269-бабына сәйкес есепті салықтық кезеңдегі шегерімге жатқызылған шығыстар.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-302/