Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
303-бап. Осы параграфтың ережелерін қолдану тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше көзделмесе, осы параграфтың ережелері осы Кодекстің 304-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген өндіру басталғанға дейінгі шығыстарды салықтық есепке алу тәртібінің және жер қойнауын пайдаланушының осындай шығыстарды шегеруге жатқызу мөлшерін айқындаудың жекелеген мәселелерін белгілейді.
2. Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) барлауға;
2) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге;
3) жер қойнауын геологиялық зерттеуге;
4) бірлескен барлау мен өндіруге;
5) өндіруге дайындық жұмыстарын көздейтін өндіруге;
6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылады.
3. Осы параграфтың ережелері жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай:
1) осы тармақшада көрсетілген келісімшарттар бойынша операциялар көмірсутектерді немесе пайдалы қатты қазбаларды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар (лицензиялар) бойынша қызметтің бір бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 781-бабы 1-тармағы 1) тармақшасы кестесінің 13-жолында көрсетілген кең таралған пайдалы қазбаларды, кендік емес пайдалы қатты қазбаларды, жерасты суларын, емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған;
2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салуға және (немесе) пайдалануға арналған;
3) осы Кодекстің 755-бабының 1-тармағында көрсетілген келісімшарттар бойынша жүзеге асырылатын қызметіне қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-303/