Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
305-бап. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстардың шегерімі жөніндегі жалпы ережелер
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Жер қойнауын пайдаланушы өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт бойынша шеккен өндіру басталғанға дейінгі шығыстар өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша жеке топты қалыптастырады.
2. Өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізу кезінде өндіру басталғанға дейінгі шығыстардың мөлшері осы Кодекстің 258 – 272, 286 және 287-баптарында белгіленген шегерімдерге осындай шығыстарды жатқызу үшін нормадан аспауға тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар:
өндіру табылғаннан кейін жүзеге асырылатын, өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт немесе
келісімшарттан тыс қызмет бойынша
осы параграфта белгіленген тәртіппен және шарттармен амортизациялық аударымдар түрінде немесе осы Кодекстің 310-бабының 3-тармағына сәйкес жылдық жиынтық кірістен шегеріледі.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес құрылған, өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топ салықтық есепке алу мақсаттары үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарттан:
осы Кодекстің 308-бабында көзделген тәртіппен – жер қойнауын пайдалануға арналған жалғастырушы келісімшартқа; немесе
осы Кодекстің 311 немесе 312-бабында көзделген тәртіппен – жер қойнауын пайдалануға немесе келісімшарттан тыс қызметке арналған басқа келісімшартқа толық немесе ішінара ауыстырылуы мүмкін.
5. Осы Кодекстің 756-бабының 4-тармағында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, күрделі жобалар бойынша (құрлықтағы газ жобаларын қоспағанда) көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшартқа қатысты өндіру басталғанға дейінгі шығыстар бойынша топқа енгізу үшін өндіру басталғанға дейінгі шығыстар мөлшері осындай шығыстарға мынадай шартты коэффициентті қолдану жолымен айқындалады:
құрлықтағы күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша – 1,5;
күрделі теңіз жобалары бойынша көмірсутектерді барлау мен өндіруге немесе өндіруге арналған келісімшарт бойынша – 2,0.
6. Егер осы Кодекстің 309-бабында өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 257 – 282, 286 – 288-баптарында белгіленген тәртіппен өндіру басталғанға дейінгі шығыстары бар келісімшарт шеңберінде табылғаннан кейін өндіру басталған күннен кейін туындайтын шығыстарды салықтық есепке алуды жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-305/