НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

321-бап. Қаржылық қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың талап ету құқығын басқаға беруінен түсетін кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) бойынша талап ету құқығына ие болатын және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген салық төлеуші талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісті борышкер іс жүзінде төлеген сома мен талап ету құқығына ие болу құны арасындағы оң айырма түрінде айқындайды. Осы тармақтың ережелері жалғыз акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымнан талап ету құқығына ие болатын салық төлеушілерге де қолданылады.
2. Талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс оң айырма туындайтын (ұлғаятын) салықтық кезеңде танылады. Бұл ретте алдыңғы салықтық кезеңдерде бұрын танылған оң айырма ескерілмейді.
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық төлеуші осы Кодекстің 243-бабына сәйкес талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кірісті айқындауға құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-321/