НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

322-бап. Сақтандыру қызметін жүзеге асыратын салық төлеушінің сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша шегерімдері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымы немесе Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі болып табылатын салық төлеуші мынадай шығыстарды шегерімге жатқызуға құқылы:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;
2) туындаған сақтандыру залалдары бойынша міндеттемелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты шығыстар;
3) залал құрауышы түрінде;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша қаржылық шығыстар;
5) қайта сақтандыру активі бойынша күтілетін ақша ағындарын ең жақсы бағалаудың амортизациясы бойынша;
6) қайта сақтандыру активі бойынша қаржылық емес тәуекелге тәуекелдік түзетуді азайту бойынша;
7) тәуекелдік түзетуді туындаған залалдар міндеттемесі бойынша қаржылық емес тәуекелге қалыптастыру бойынша;
8) аквизициялық шығыстар;
9) ұсталатын қайта сақтандыру шарттары бойынша маржаның амортизациясы түріндегі шығыстар;
10) қайта сақтандырушыға регрессиялық талаптар мен залалдарды өтеу жөніндегі шығыстар (суброгация);
11) салық төлеушінің кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты өзге де шығыстары;
12) залалдарды реттеуге арналған шығыстар;
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне байланысты аквизициялық емес шығыстар (жатқызылатын шығыстар).
2. Осы бапта көзделген шығыстар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-322/