НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

349-бап. Бірінші тоқсандағы аванстық төлемдер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Есепті салықтық кезеңнің 1-тоқсанындағы корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді алдыңғы салықтық кезеңде аванстық төлемдерді төлеушілер болып табылған аванстық төлемдерді төлеушілер төлейді.
2. Есепті салықтық кезеңнің бірінші тоқсанындағы аванстық төлемдерді салық органы қосымша есеп-қисаптарды қоса алғанда, алдыңғы салықтық кезеңде аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисаптарында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының он екіден бір бөлігі мөлшерінде бірінші тоқсанның әрбір айы үшін есептейді (есепке жазады).
3. Бірінші тоқсанның әрбір айы үшін аванстық төлемдер бірінші тоқсанның әрбір айының 25-інен кешіктірілмей бюджетке төленуге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-349/