НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

350-бап. Декларациядан кейінгі аванстық төлемдер

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – декларациядан кейінгі аванстық төлемдер) аванстық төлемдерді төлеушілер төлейді.
2. Декларациядан кейінгі аванстық төлемдер есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін мынадай тәртіппен есептеледі:
1) осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағына және 689-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының он екіден бір бөлігі мөлшерінде. Аванстық төлемдерді есептеу мақсатында алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасына корпоративтік табыс салығының осы Кодекстің 335-бабына сәйкес бақыланатын шетелдік компаниялардың немесе бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген сомасы қосылмайды;
2) мынадай жағдайларда ағымдағы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып: егер осы Кодекстің 345-бабының 1-тармағына және 689-бабына сәйкес алдыңғы салықтық кезең үшін есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы салық органының ақпараттық жүйесі автоматты түрде қалыптастырған салықтық есептілік бойынша нөлдік көрсеткіштерді қоса алғанда, нөлге тең болса; егер бөлу немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлға аванстық төлемдерді төлеуші болып табылса – бөлу немесе бөліну жолымен қайта ұйымдастыру жүзеге асырылған салықтық кезеңде, сондай-ақ кейінгі екі салықтық кезеңде; цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер есептейді.
3. Аванстық төлемдерді төлеушілер декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің есеп-қисабын жасайды және салық төлеушінің тұрған жері бойынша салық органына ұсынады. Осы есеп-қисапты ұсыну мерзімі – есепті салықтық кезеңнің 20 сәуірінен кешіктірілмейді.
4. Салық төлеушілер ағымдағы салықтық кезеңде корпоративтік табыс салығының болжамды сомасын негізге ала отырып, осы баптың 2-тармағына сәйкес есептелген декларациядан кейін аванстық төлемдер сомасын түзетуге құқылы. Мұндай түзетулер ескеріле отырып, декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің сомалары теріс мәнге ие бола алмайды. Осы тармақта көзделген түзетулер сомасы декларациядан кейінгі аванстық төлемдердің қосымша есеп-қисабында көрсетіледі. Салық төлеуші мұндай есеп-қисапты салықтық кезеңнің 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуға құқылы.
5. Есепті салықтық кезеңнің екінші, үшінші, төртінші тоқсандарының әрбір айы үшін декларациядан кейінгі аванстық төлемдер осы тоқсандардың әрбір айының 25-інен кешіктірілмей бюджетке төленуге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-350/