Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
367-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған, жеке тұлғаның кірісі болып табылмайтын материалдық пайда
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 319. Годовой доход физического лица
· толық сәйкестік кестесі
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған материалдық пайданың мынадай түрлері жеке тұлғаның кірісі болып табылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде:
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы нысанында жүзеге асырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, жұмыскерлер мен мамандардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау, сондай-ақ оқу орындарының дайындық бөлімдерінде оқыту бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін ұсыну;
тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін ұсыну;
Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды төлеу;
санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілерде оңалту емін, сауықтыру мен демалуды ұсыну;
дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұсыну;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мүгедектігі бар адамға тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі кезінде алынған материалдық пайда. Бұл ретте осы абзацтың ережесі:
мүгедектігі бар адам;
жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға әлеуметтік қызметтер көрсететін жеке көмекші болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше ахуал, төтенше жағдай режимі енгізілген кезде халыққа медициналық көмек беру;
3) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына келтірілген зиянды және зардап шеккен жеке тұлғаларға келтірілген залалды өтеу;
5) Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламасына, ҰКП операторы болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен бағдарламаларға сәйкес кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қаржылық емес қолдау түрінде бюджет қаражаты есебінен алынған көрсетілетін қызметтердің құны;
6) бақылау-касса машинасын және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолданудағы бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие адамдар өздеріне белгілі болған, бейнетіркеумен расталған бұзушылық фактілері туралы салық органына хабарлаған адамдарға берілетін сыйақы сомасы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-367/