НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

388-бап. Туынды қаржы құралдары бойынша құн өсімінен түсетін кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Туынды қаржы құралдары бойынша құн өсімінен түсетін кіріс (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) туынды қаржы құралдарын өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде пайда болады. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсатында қолданылса, онда ол базалық актив үшін белгіленген осы Кодекстің нормаларына сәйкес жеке табыс салығын есептеу мақсатында есепке алынады.
2. Мыналар:
1) өткізу кезінде – өткізу бағасы (құны) мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма;
2) мүлікті жарғылық капиталға салым ретінде беру кезінде – жарғылық капиталға салым ретінде берілген, бірақ төлем шотына осындай мүлік берілген сомадан аспайтын құн мен оның бастапқы құны арасындағы оң айырма туынды қаржы құралдары бойынша (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады. Бұл ретте жарғылық капиталға салым ретінде берілген мүліктің құны осындай мүліктің қабылданғанын және берілгенін растайтын құжат негізінде айқындалады.
3. Егер осы баптың 4 және 5-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, туынды қаржы құралдарын сатып алудың құжатпен расталған бағасы (құны) (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) оның бастапқы құны болып табылады.
4. Өткізудің, жарғылық капиталға берудің мынадай жағдайларында мыналар туынды қаржы құралдарының (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) бастапқы құны болып табылады:
1)  акционер (қатысушы, құрылтайшы) заңды тұлға таратылған немесе жарғылық капитал азайтылған, сондай-ақ заңды тұлға құрылтайшыдан, қатысушыдан осы заңды тұлғаға қатысу үлесін немесе оның бір бөлігін сатып алған, эмитент-заңды тұлға осы эмитент шығарған акцияларды акционерден сатып алған кезде мүлікті бөлу нәтижесінде мүлікті алған жағдайда – акционер, қатысушы, құрылтайшы мүлікті бөлу кезінде алған, оның ішінде осындай активтің қабылданғанын және берілгенін растайтын және тараптардың қолтаңбаларымен куәландырылған құжатта көрсетілген, бұрын енгізілгеннің орнына алынған мүліктің құны;
2) туынды қаржы құралдары бұрын танылған кірісті төлеу ретінде (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) алынған жағдайда – салық агентінен алынған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жердегі көздерден алынған және кәсіпкерлік қызмет жөніндегі декларацияда немесе кірістер мен мүлік туралы декларацияда көрсетілген осындай кірістің сомасы;
3) туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) кіріс алумен байланысы болмай пайда болған дебиторлық берешекті өтеу есебіне алынған жағдайда – өтеу есебіне осындай туынды қаржы құралдары алынған дебиторлық берешек сомасы;
4) өтеусіз алынған туынды қаржы құралдарының құны (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) дара кәсіпкердің салық салынатын кірісіне немесе жеке тұлғаның салық салынатын кірісіне енгізілген жағдайда – өтеусіз алынған туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) түріндегі кіріске бұрын енгізілген құн;
5) мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған туынды қаржы құралын өткізген (берген) жағдайда – туынды қаржы құралының нарықтық құны.
5. Құқықтары немесе мәмілелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген туынды қаржы құралдарының (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) бастапқы құны нөлге тең болады. 6. Осы баптың 3 және 4-тармақтарының ережелері бастапқы құнды айқындау үшін қолданылмайтын жағдайларда туынды қаржы құралдарының (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда) бастапқы құны нөлге тең болады.
7. Осы баптың мақсатында, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге өткізілетін (берілетін) туынды қаржы құралының нарықтық құны нарықтық құн болып табылады. Мұрагерлік түрінде алынған, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген өткізілетін (берілетін) туынды қаржы құралының нарықтық құны осындай қаржы құралы тіркелген мемлекеттің заңнамасына сәйкес тәуелсіз бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау нәтижелері туралы есепте немесе өзге де құжатта айқындалған, оған меншік құқығы туындаған күнге туынды қаржы құралының нарықтық құны болып табылады. Бұл ретте мұндай нарықтық құнды салық төлеуші осындай туынды қаржы құралы өткізілген (берілген) салықтық кезең үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну үшін белгіленген мерзімнен кешіктірмей айқындауға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-388/