Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
390-бап. Оңайлатылған декларация негізінде не шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
қолданатын дара кәсіпкердің активтерін өткізу кезінде құн
өсімінен түсетін кіріс
1. Осы баптың мақсатында қорлар мен талаптар болып табылмайтын мынадай активтер:
1) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын негізгі құралдар;
2) аяқталмаған құрылыс объектілері;
3) орнатылмаған машиналар мен жабдық;
4) материалдық емес активтер;
5) биологиялық активтер;
6) егер 2 000 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құны толығымен шегерімге жатқызылған негізгі құралдар дара кәсіпкер бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған салықтық кезеңдерде тіркеп-белгіленген активтер болып табылса және актив тіркеп-белгіленген актив болып табылса, осындай негізгі құралдар;
7) егер дара кәсіпкер бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бұрын жүзеге асырса және актив тіркеп-белгіленген актив болып табылса, Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға берілген, құны толығымен шегерімге жатқызылған активтер оңайлатылған декларация негізінде не шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің активтеріне жатады.
2. Оңайлатылған декларация негізінде не шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер активтерді өткізген кезде, өсім әрбір актив бойынша өткізу бағасы (құны) мен бастапқы құн арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, осы баптың мақсатында оңайлатылған декларация негізінде не шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер активтерінің бастапқы құны осы Кодекстің 286-бабының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында және 287-бабында көрсетілген шығындардан (шығыстардан) басқа, сатып алуға, өндіруге, салуға, монтаждауға, орнатуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға арналған шығындардың жиынтығы болып табылады.
Бұл ретте реконструкциялауды, жаңғыртуды тану осы Кодекстің 278-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Егер актив бұрын өтеусіз алынған болса, осы баптың мақсатында арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушінің салық салу объектісіне енгізілген оның құны осындай активтің бастапқы құны болып табылады.
5. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мұрагерлік, қайырымдылық көмек түрінде алынған актив өткізілген кезде оңайлатылған декларация негізінде не шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің осы активке меншік құқығы туындаған күнге мұндай активтің Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен дара кәсіпкер арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған нарықтық құны бастапқы құн болып табылады.
Бұл ретте активтің нарықтық құны құқық меншігі туындаған күнгі жағдай бойынша осындай активтер өткізілген салықтық кезең үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынуға салық төлеуші белгілеген мерзімнен кешіктірілмей айқындалуға тиіс.
6. Активтің бастапқы құны мынадай жағдайларда:
1) активтің меншік құқығы туындаған күнге айқындалатын нарықтық құны болмаған кезде;
2) нарықтық құнды айқындаудың осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімі сақталмаған кезде;
3) осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 3-тармағында көзделген шығындарды растайтын бастапқы құжаттар болмаған жағдайларда;
4) осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген активтер бойынша нөлге тең болады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-390/