НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

419-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияда есептелген жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірісінің салық салынатын сомасынан есептелген жеке табыс салығын төлеуді, егер осы Кодекстің 418-бабының 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші тұрғылықты (болу) жері бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
2. Резидент-еңбекші көшіп келуші салық салынатын ең төмен кіріс сомасынан есептеген жеке табыс салығын төлеу еңбекші көшіп келуші рұқсат алғанға (ұзартылғанға) дейін – еңбекші көшіп келушінің болатын жері бойынша жүргізіледі.
3. Салықтық кезеңнің қорытындылары бойынша бақыланатын шетелдік компанияның және (немесе) бақыланатын шетелдік компанияның тұрақты мекемесінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығын төлеу осы Кодекстің 418-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Осы тармақтың ережелері жеңілдікті салық салынатын мемлекеттерде тіркелген бақыланатын шетелдік компаниялардың және (немесе) бақыланатын шетелдік компаниялардың тұрақты мекемелерінің жиынтық пайдасынан есептелген жеке табыс салығына қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-419/