Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
422-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жеке тұлғалар, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай декларацияны ұсыну міндеті жүктелген адамдар;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде меншік (талап) құқығында мынадай мүлкі:
құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлкі;
шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомада ақшасы;
инвестициялық алтыны;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері;
эмитенттері Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;
шетелдік брокерлік шоттарда ақшасы;
Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері;
басқа тұлғалардың Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде осы Кодекстің 423-бабының 2-тармағында көрсетілген жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек);
осы Кодекстің 423-бабының 3-тармағында көрсетілген өзге де мүлкі болған жағдайда Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары, резиденттері ұсынады.
3. Осы Кодексті қолдану мақсатында кәмелетке толмаған адамның және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамның салықтық міндеттемені Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды өкіл орындайды.
4. Осы баптың ережелері шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын
шетел
азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
5. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы – жеке тұлға алғаш рет ұсынатын декларация;
2) кезекті – жеке тұлға активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынылғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай жеке тұлға ұсынатын декларация;
3) қосымша декларация – жеке тұлғаның бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын, жеке тұлға ұсынатын декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша декларация – жеке тұлғаның бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын, онда салық органы активтер мен міндеттемелер бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған декларация;
Жеке тұлға осы Кодекстің 409-бабында белгіленген мерзімде активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны ұсынбаған кезде салық органдары салықтық әкімшілендіруді жүргізу кезінде уәкілетті органдардан, үшінші тұлғалардан, екінші деңгейдегі банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан міндеттемелер немесе декларация ұсыну құқығы туындаған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша алынған мүлік (активтер) және міндеттемелер туралы мәліметтерді пайдаланады.
Уәкілетті орган жыл сайын күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде:
мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік;
есепті жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша банк шоттарындағы ақша қалдықтары;
есепті күнтізбелік жылда алынған кірістер жөніндегі мәліметтерді жеке тұлғаның веб-қосымшасында орналастырады.
6. Мыналарды ұсынуды қоспағанда, активтер мен міндеттемелер туралы декларация бір рет ұсынылады:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген тұлғалардың декларацияны ұсынуы;
2) осы Кодекстің 117-бабында көзделген қосымша салықтық есептілікті ұсыну.
Ескертпе. Осы бөлімнің мақсатында айлық есептік көрсеткіш деп жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған жылдың алдындағы есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш түсініледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-422/