НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

423-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

толтыру ерекшеліктері
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация осы Кодекстің 422-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалардың мыналардың бар екендігі туралы ақпаратты көрсетуіне арналады:
1) құқықтары және (немесе) мәмілелері шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік: жылжымайтын мүлік, жер учаскелері және (немесе) жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен – теңізде» жүзетін кемелер; көлік құралдары, арнаулы техника және (немесе) тіркемелер; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде шетелдік банктердегі банктік шоттардағы барлық банктік салымдар бойынша жиынтығында айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын сомадағы ақша;
2) Қазақстан Республикасындағы және (немесе) оның шегінен тысқары жердегі мүлік және міндеттемелер: жылжымайтын мүлік құрылысындағы үлес; Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу жолымен болатын туынды қаржы құралдарын қоспағанда); цифрлық активтер; инвестициялық алтын; зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері; айлық есептік көрсеткіштің 10 000 еселенген мөлшерінің шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша; осы баптың 2-тармағында көрсетілген басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешегі) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешегі); шетелдік брокерлік шоттардағы ақша;
3) осы баптың 3-тармағында көрсетілген өзге де мүлік.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда декларация толтырылған күнге:
1) жеке тұлғамен жасалған міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған шарт (мәміле, келісім) болған кезде – жеке тұлғалар арасында түзілген басқа тұлғалардың жеке тұлғаға дебиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға кредиторлық берешегі көрсетіледі. Осы тармақшада көрсетілген берешекті декларацияны ұсынудың осы Кодекстің 424-бабында белгіленген мерзімінен кешіктірілмейтін мерзімде нотариат куәландыруға тиіс;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банк ұйымдарына, микроқаржы ұйымдарына берешекті қоспағанда, салыстырып тексеру актісі және азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт болған кезде – жеке тұлға мен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер арасында, оның ішінде бейрезидент болып табылатын дара кәсіпкер арасында түзілген;
3) заңды күшіне енген сот шешімімен расталған басқа тұлғалардың жеке тұлғаға дебиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғаларға кредиторлық берешегі көрсетіледі. Осы тармақта көрсетілген құжаттар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезінде міндетті түрде қоса берілуге тиіс. Қоса берілген құжаттармен расталмаған берешек нөлге тең деп есептеледі. Бұл ретте активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда берілген лицензияның негізінде әрекет ететін АХҚО қатысушысының қарыздық краудфандингтік платформасын пайдалана отырып жасалған шарт болған кезде дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек көрсетілмейді.
3. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда жеке тұлға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына не шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған құн болған кезде бір бірлік үшін құны есепті салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1 000 еселенген мөлшерінен асатын басқа мүлікті көрсетуге құқылы. Бұл ретте бағалау құны осы Кодекстің 424-бабында белгіленген декларацияны ұсыну мерзімінен кешіктірілмей айқындалады. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің ережесі мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлікке, сондай-ақ құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікке қатысты қолданылмайды.
4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға, трасттарға беру туралы мәліметтерді де көрсетеді.
5. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық органдары пайдаланатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтер туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-423/