НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

424-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

мерзімдері Активтер мен міндеттемелер туралы декларация декларацияны ұсыну міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде тұрғылықты (болу) жері бойынша ұсынылады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінің ережелері:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға, мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар мен олардың жұбайлары (зайыптары);
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары болуға ниет білдірген тұлғалар ретінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынатын тұлғаларға қолданылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-424/