Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
425-бап. Кірістердің түрлері
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Төлем көзінен салық салуға жататын кірістерге Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістердің мынадай түрлері жатады:
1) жұмыскердің салық агентінен алған кірісі;
2) салық агентіне тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін кіріс;
3) салық агентінен өтеусіз алынған мүлік түріндегі кіріс;
4) салық агентінен біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
5) салық агентінен алынған зейнетақы төлемдері түріндегі кіріс;
6) салық агентінен алынған дивидендтер түріндегі кіріс;
7) салық агентінен алынған сыйақылар түріндегі кіріс;
8) салық агентінен алынған ұтыстар түріндегі кіріс;
9) салық агентінен алынған стипендиялар түріндегі кіріс;
10) салық агентінен алынған сақтандыру шарттары бойынша кіріс;
11) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымнан, ауыл шаруашылығы кооперативінен және (немесе) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғадан алынған жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін кірістер;
12) салық агентінен түсетін басқа да кірістер.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-425/