Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
426-бап. Жұмыскердің жұмыс беруші-салық агентінен алатын кірісі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Төлем көзінен салық салуға жататын жұмыскердің кірісі жұмыскердің салық агенті болып табылатын жұмыс беруші есепке жазған:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес жұмыс берушіде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет болған жағдайда жұмыс берушінің бухгалтерлік есепке алуында шығыстар (шығындар) ретінде танылған;
2) Жұмыс берушіде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу жөніндегі міндет болмаған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және (немесе) жұмыс берушінің өкімдері, тапсырмалары бойынша ұстап қалуға жататын барлық сомаларды қамтитын, жұмыскердің алуына жататын сомаға тең болған кірісі мөлшерінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-426/