НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

44-бап. Салық органының лауазымды адамын материалдық

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

қамтамасыз ету, құқықтық және әлеуметтік қорғау
1. Салық органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңмен қорғалады.
2. Салық органы лауазымды адамының заң талаптарын орындамау, қызметтік жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерін қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық көрсету немесе олардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қолсұғушылық, оның қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін басқа да әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
3. Салық органы лауазымды адамының қызметтік жұмысты жүзеге асыруына байланысты денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтірілген кезде оған бюджет қаражатынан бес ең төмен жалақы мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
4. Салық органы лауазымды адамының қызметтік жұмысты жүзеге асыруына байланысты оның денсаулығына кәсіптік қызметпен айналысуына одан әрі мүмкіндік бермейтіндей ауыр зиян келтірілген кезде салық органының лауазымды адамына бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық айлықақысы мен зейнетақысының мөлшерлері арасындағы айырма (өмір бойы) төленеді.
5. Салық органының лауазымды адамы қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлеріне):
1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген мөлшерлерде және тәртіппен асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
6. Салық органы лауазымды адамының қызметтік міндеттерді орындауына байланысты оның, сондай-ақ оның отбасы мүшелері мен жақын туыстарының өмірі мен денсаулығына және мүлкіне келтірілген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-44/