НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

446-бап. Салық агентінің жеке тұлғамен есеп айырысу туралы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

анықтаманы беру тәртібі
1. Күнтізбелік жыл ішінде жеке тұлғаға төлем көзінен салық салуға жататын кіріс есепке жазылған және (немесе) төленген жағдайда, салық агенті жеке тұлғаның талабы бойынша жеке тұлға жүгінген күннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтаманы беруге міндетті.
2. Жеке тұлғамен есеп айырысу туралы анықтамада:
1) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің;
2) төлем көзінен салық салуға жататын кірістің азаю;
3) мынадай: міндетті зейнетақы жарналары; міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістерден ұсталатын әлеуметтік аударымдар; базалық салықтық шегерім; әлеуметтік салықтық шегерімдер түрінде қолданылған салықтық шегерімдердің;
4) жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің;
5) есептелген жеке табыс салығының;
6) төленген кірістің сомалары туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-446/