Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
50-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) құжатты
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
салық органына ұсыну тәртібі
1. Салық төлеушінің (салық органының) құжаты салық органына мынадай тәсілдердің бірімен:
1) өзі келу тәртібімен (оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы) – қағаз жеткізгіште немесе хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы ұсынылады. Қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілікті Мемлекеттік корпорация арқылы және хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы ұсынуға жол берілмейді;
2) электрондық тәсілмен (ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда) – электрондық құжат нысанында ұсынылады.
2. Ұсынылу тәсіліне қарай мынадай күн:
1) өзі келу тәртібімен – салық органы немесе Мемлекеттік корпорация құжатты тіркеген күн;
2) хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы – осындай ұйымның қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;
3) электрондық тәсілмен (ақпаратты компьютерлік өңдеуге мүмкіндік беретін электрондық нысанда) – салық органының ақпараттық жүйесі орталық торабының салықтық есептілікті қабылдаған күні;
4) электрондық тәсілмен – «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) немесе Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес құжаттар алмасуды қамтамасыз ететін өзге де ақпараттандыру объектісі арқылы жіберілген күн құжаттың салық органына ұсынылған күні болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана отырып салықтық нысандарға қол қоюға және куәландыруға жол беріледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-50/