НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

493-бап. Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
2. Мынадай:
1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды өткізген;
2) коммуналдық қызметтерді көрсеткен;
3) байланыс қызметтерін көрсеткен;
4) теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсеткен;
5) көлік экспедициясы шарты бойынша, талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарт бойынша қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының қызметтерін көрсеткен;
6) жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы тасымалдау бойынша қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді көрсеткен;
7) кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша қызметтерді көрсеткен;
8) қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын жүргізген;
9) осы Кодекстің 131-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізген;
10) осы Кодекстің 460-бабының 2-тармағы бойынша айналым жасалған күн танылған;
11) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы алынатын қызметтерді көрсеткен;
12) Мемлекеттік корпорация қызметтерді көрсеткен;
13) төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде төлем карточкаларымен және электрондық ақшамен операциялар бойынша қалыптасатын ақпаратты жинау, алмасу, өңдеу және тарату бойынша қызметтерді көрсеткен кезде шот-фактура айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша айналым жасалған күн тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жазып беріледі.
3. Тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.
4. Есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша жазып беріледі.
5. Жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі интернет-ресурста орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзімді баспасөз басылымдары немесе бұқаралық ақпарат құралдарының өзге өнімі өткізілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. Салық төлеуші айналым жасау күні күнтізбелік жылға тура келетін өткізу бойынша бүкіл айналымға шот-фактураны ол жасалған күннен бұрын жазып беруге құқылы.
6. Түзетілген шот-фактура осы Кодекстің 499-бабының 1-тармағында көзделген жағдай басталған кезде жазып беріледі.
7. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қосымша шот-фактура түзету сомасына айналым жасалған күннен кейін және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры ұлғайту жағына қосымша шот-фактураны жазып беруді айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік бір жүз сексен күннен кешіктірмей жүргізеді. Осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталмаған кезде лизинг беруші қосымша шот-фактураны осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.
8. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы Кодекстің 208-бабының 4 және 5-тармақтарына және 491-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес шот-фактураны жазып беруді талап етумен жүгінген кезде шот-фактураны жазып беру айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
9. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының айналымы болып табылатын осындай жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бейрезиденттен сатып алынған жағдайда, электрондық нысандағы шот-фактураны бейрезидент үшін осындай айналым бойынша қосылған құн салығын бюджетке төлегеннен кейін, бірақ мұндай төлем жасалған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей, оның ішінде осы Кодекстің 122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен есепке жатқызуды жүргізу арқылы сатып алушы жазып береді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-493/