НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

51-бап. Салық органының салық төлеушіге (салық агентіне) құжатты

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

ұсыну тәртібі
1. Салық органының лауазымды адамы құжатты салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзіне қолын қойғызып қағаз жеткізгіште табыс ету немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен жіберу арқылы ұсынады.
2. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, жөнелту мен алу фактісін растайтын мынадай тәсілдермен:
1) салық төлеуші (салық агенті) пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап – хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта немесе өзге де байланыс ұйымы арқылы жіберілген кезде құжат табыс етілді деп есептеледі. Бұл ретте пошта немесе өзге де байланыс ұйымының құжатты қағаз жеткізгіште жеткізуі оның қабылданғаны туралы белгі қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.
2) электрондық құжат: веб-қосымшаға, арнаулы мобильді қосымшаға және (немесе) салықтық мобильді қосымшаға; веб-порталда тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне қысқа мәтіндік хабарлама жібере отырып, веб-порталдағы пайдаланушының кабинетіне; салық органының өзге де ақпараттандыру объектісіне жеткізілген күннен бастап электрондық тәсілмен жіберілген кезде табыс етілді деп есептеледі. Бұл тәсіл тиісті ақпараттандыру объектісінде тіркелген салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылады;
3) өзі келу тәртібімен құжат қағаз жеткізгіште алынған күннен бастап – Мемлекеттік корпорация арқылы жіберілген кезде табыс етілді деп есептеледі.
3. Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы хабарламасы бар тапсырысты хатпен пошта арқылы жіберілген құжатты салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарған кезде, салықтық зерттеп-қарау жүргізілген күн осындай құжаттың табыс етілген күні болып табылады.
4. Пошта немесе өзге де байланыс ұйымы салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны немесе салықтық зерттеп-қарау актісі негізінде аяқталған салықтық тексерудің қорытындылары бойынша жіберілген, тарату кезеңінде есепке жазылған сомалар туралы хабарламаны қайтарған кезде осындай қайтару күні табыс етілген күн болып есептеледі.
5. Салық төлеуші (салық агенті) бас тартқан жағдайда, салық органының лауазымды адамы салық органының шешімін алудан (салық органы шешімінің данасына қол қоюдан) бас тартқаны туралы акт (бұдан әрі – бас тарту туралы акт) жасайды. Бас тарту туралы акт куәгерлердің қатысуымен жасалады.
6. Бас тарту туралы актіде:
1) жасалған орны мен күні;
2) салық төлеуші (салық агенті) алудан немесе оның данасына қол қоюдан бас тартқан салық органы шешімінің күні, нөмірі;
3) әрбір куәгердің тегі, аты және әкесінің аты, жеке басты куәландыратын құжаттың түрі мен нөмірі, сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жерінің мекенжайы;
4) салық төлеушінің (салық агентінің) бас тарту себептері көрсетіледі. Бас тарту туралы актіге оны жасаған салық органының лауазымды адамы мен куәгерлер қол қояды. Салық органының лауазымды адамы әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтерді, бейнежазбаларды немесе басқа да материалдарды бас тарту туралы актіге қоса беруге құқылы.
7. Осы баптың ережелері осы Кодекстің және сақталуын бақылау салық органына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салық органының шешімді өзге де тұлғаларға ұсынуы кезінде де қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-51/