НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

500-бап. Қосымша шот-фактураны жазып беру

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Қосымша шот-фактураны өнім беруші:
1) осы Кодекстің 464-бабына сәйкес айналым мөлшері түзетілген;
2) осы Кодекстің 213-бабының талаптары сақталмаған жағдайларда жазып береді.
2. Қосымша шот-фактура:
1) шот-фактураларды жазып беруге қойылатын, осы тарауда белгіленген талаптарға сәйкес келуге;
2) мына ақпаратты: шот-фактура қосымша болып табылатыны туралы белгіні; қосымша шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; қосымша шот-фактура жазып берілетін шот-фактураның реттік нөмірі мен жазып берілген күнін; айналым мөлшері өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын; қосылған құн салығы өзгертілген жағдайда, оны түзету сомасын; электрондық нысанда жазып берілген кезде айналым мөлшерін түзету сомасына айналым жасалған күнді; осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, «Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 213-бабын сақтамау» деген белгіні қамтуға тиіс.
3. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы растаулардың бірінің:
1) осы Кодекстің 492-бабының 6-тармағына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны қолтаңбаларымен және мөрімен растауының;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырысты хатпен жіберуі және оның алынғаны туралы хабарламаның болуы;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының қол қойылған және: заңды тұлғалар үшін – егер осы тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген; дара кәсіпкерлер үшін – мөрі болған кезде, тегі, аты және әкесінің аты және (немесе) атауы қамтылған мөр басылған осындай шот-фактураны алғандығы туралы хаты болуы міндетті.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша:
1) егер осындай қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – осындай шот-фактураның жазып берілгенін растауға немесе келіспеген жағдайда қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура жазып берілген болып есептеледі;
2) егер қосымша шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса – қосымша шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураның жазып берілуін қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактура тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге осындай қосымша шот-фактураны кері қайтарып алу талабымен жүгінуге құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-500/