Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
501-бап. Шот-фактураны кері қайтарып алу
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураны кері қайтарып алу шот-фактураның жазып берілуін жарамсыз деп тану мақсатында жүргізіледі. Шот-фактураны кері қайтарып алуды шот-фактураны жазып берген салық төлеуші жүргізеді.
2. Электрондық нысанда жазып берілген, кері қайтарып алынған шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы:
1) егер осындай шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды растауға немесе келіспеген кезде қабылдамауға міндетті. Бұл ретте осындай шот-фактураны алушыдан растау болған кезде шот-фактура кері қайтарып алынған болып есептеледі;
2) егер шот-фактураны алушы қосылған құн салығын төлеуші болып табылмаса – шот-фактураны кері қайтарып алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осындай шот-фактураны кері қайтарып алуды қабылдамауға құқылы. Егер осындай қабылдамау осы тармақшада көрсетілген мерзім ішінде жүргізілмесе, онда шот-фактураны кері қайтарып алуды тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы растаған болып есептеледі. Бұл ретте алушы бұрын жазып берілген шот-фактураны қалпына келтіруді талап ете отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге жүгінуге құқылы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-501/