Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
526-бап. ЕАЭО-да қосылған құн салығының сомаларын есепке жатқызу тәртібі
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығы осы Кодекстің 49-тарауында айқындалған тәртіппен есепке жатқызылады.
2. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде Қазақстан Республикасының бюджетіне белгіленген тәртіппен төленген импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының сомасы есептелген және (немесе) есепке жазылған сомалар шегінде есепке жатқызылады.
Бюджетке төленген, бірақ осы Кодекстің 518-бабының 6-тармағына сәйкес айқындалатын салықтық кезең үшін салық салынатын импорттың мөлшеріне тура келетін қосылған құн салығының сомасынан аспайтын қосылған құн салығының сомасы лизинг шарты (келісімшарты) бойынша тауарларды импорттау кезінде есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы болып табылады. Бұл ретте алдыңғы салықтық кезеңдер үшін есепке жазылған (есептелген) және төленген, оның ішінде осы Кодекстің 120, 121,122 және 123-баптарында айқындалған тәртіппен ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызу арқылы төленген қосылған құн салығының сомалары ағымдағы салықтық кезеңде есепке жатқызылуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг беруші ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі – лизинг алушының алуына жататын тауарларды (лизинг нысаналарын) лизингке берген кезде Қазақстан Республикасының салық төлеушісі – лизинг беруші есепке жатқызуға тиісті қосылған құн салығының сомасы сыйақы есепке алынбаған, тауарлардың (лизинг нысаналарының) құнына тура келетін бөлігінде әрбір лизингтік төлем бойынша айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-526/