Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
539-бап. Операция жасалған күн
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 465. Дата совершения операции
· толық сәйкестік кестесі
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда алушыға акцизделетiн тауарларды тиеп-жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетiн тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелерінің желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (қайта өңдеушіге) беру күні операция жасалған күн болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 536-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасалған күн болып табылады. Тапсырыс берушіге меншік құқығындағы немесе қабылдау-алу актілерімен расталған өзге заңды негіздерде тиесілі мұнайды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не құбыржол бойымен өнім берушінің резервуарына немесе құю станциясына айдау арқылы заттай түрдегі акцизделетін тауарларды іс жүзінде тиеп-жөнелту дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.
Қазақстан Республикасының аумағынан ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспайды.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес қайта өңдеу өнімінің болжамды көлемі акциз салынатын объект болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылған жағдайда қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу), сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оны орындау туралы міндеттемені ұсынады.
4. Акцизделетiн тауарлар өзінің өндірістік мұқтаждықтары және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланылған кезде көрсетілген тауарларды осындай пайдалануға беру күні операция жасалған күн болып табылады.
5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан орнын ауыстыру кезінде акцизделетін тауарлардың лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан орын ауыстыру күні операция жасалған күн болып табылады.
6. Акцизделетін тауарлар, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды есептен шығару туралы акт, сәйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару және жою туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
Акцизделетiн тауарлар, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, сәйкестендіру құралдары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.
7. Акцизделетін тауарларды ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импорттау кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.
Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарлар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алынған күн осындай тауарлар есепке қабылданған күн болып табылады.
8. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде мұндай тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу күні операция жасалған күн болып табылады.
9. Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған кезде тіркеуші органда көлік құралын тіркеу күні операция жасалған күн болып табылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-539/