Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
540-бап. Салықтық база
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 466. Налоговая база
· толық сәйкестік кестесі
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
Осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған акцизделетін тауарлар бойынша салықтық база осы Кодекстің 537-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын сатып алу құны болып табылады.
Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны, газохол, бензанол, мұнай еріткіші, жеңіл көмірсутек қоспалары және экологиялық отын бойынша салықтық база берілген акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-540/