НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

542-бап. Акцизделетiн тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Төтенше ахуал салдарынан және (немесе) төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген және импортталатын, сондай-ақ ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінетін акцизделетiн тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленедi. Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.
2. Осы баптың мақсаттары үшін:
1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің), оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатысында нашарлауы акцизделетiн өнімнің бүлінуі деп түсініледі;
2) салдарынан тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатысында жойылуы немесе ысырабы орын алған оқиға акцизделетiн тауардың шығыны деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндірушінің нормативтік және техникалық құжаттамасында регламенттелетін нормалар шегіндегі ысыраптар шығын болып табылмайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-542/