Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
544-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын,
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын,
газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек
қоспаларын және экологиялық отынды көтерме және бөлшек
саудада өткізуге жатқызудың өлшемшарттары
1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды қабылдауға және осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша өнім беруші:
1) бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өндіруші;
2) өзіне меншік құқығында тиесілі алыс-беріс шикізатын одан әрі өткізу мақсатында қайта өңдеу нәтижесінде бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды алған мұнай беруші;
3) осы Кодекстің 104-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және Қазақстан Республикасының аумағына меншікті бензинін (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және (немесе) экологиялық отынды одан әрі өткізу мақсатында әкелуді жүзеге асырған салық төлеуші болып табылады деген шартпен оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, аталған акцизделетiн тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.
Көтерме саудада өткізу саласына бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды одан әрі өткізу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелеріне тиеп-жөнелту де жатады.
2. Бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында көрсетілген өнім берушілер жүзеге асыратын мынадай операциялар жатады:
1) алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушінің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды олардың өндірістік мұқтаждықтары үшін тұлғаларға өткізуі, сондай-ақ беруі;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды жеке тұлғаларға өткізу;
3) одан әрі өткізу үшін өндірілген немесе сатып алынған бензинді (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсутек қоспаларын және экологиялық отынды өзінің өндірістік мұқтажына пайдалану.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-544/