Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
707-бап. Бейрезиденттiң депозитарлық қолхаттардың базалық
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер
түріндегі кірістерін салық салудан ішінара босатуға
қатысты халықаралық шартты қолдану тәртiбi
1. Депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі кірістерді бейрезидент-түпкілікті кіріс алушыға депозитарлық қолхаттарды номиналды ұстаушы арқылы төлеу кезінде бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
1) мыналарды:
базалық активі Қазақстан Республикасының резиденті шығарған акциялар болатын депозитарлық қолхаттардың меншік иелері болып табылатын жеке тұлғалардың тегін, атын және әкесінің атын немесе заңды тұлғалардың атауларын;
депозитарлық қолхаттардың саны және түрі туралы ақпаратты;
жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың атауы мен деректемелерін немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күнін қамтитын депозитарлық қолхаттарды ұстаушылар тізімі болған кезде салық агентінің осындай кірісті түпкілікті алушы резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Депозитарлық қолхаттарды ұстаушылардың тізімін мына тұлғалар:
егер депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың резидент-эмитенті мен орталық депозитарий арасында жасалса – орталық депозитарий;
депозитарлық қолхаттар бойынша меншік құқықтарын есепке алуды және оны растауды жүзеге асыруға арналған шарт депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялардың резидент-эмитенті мен осындай ұйым арасында жасалған жағдайда шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында депозитарлық қызметті жүзеге асыру құқығын иеленетін өзге ұйым жасайды;
2) депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша түпкілікті дивидендтер алушы болып табылатын бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжаттың болуы кезінде салық агентінің осындай кірісті түпкілікті алушы резиденті болып табылатын мемлекетпен тиісті халықаралық шартта көзделген табыс салығының төмендетілген мөлшерлемесін қолдануға құқығы бар.
Резиденттікті растайтын құжат осы Кодекстің 705-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде салық агентіне ұсынылады.
2. Салық агенті төртінші тоқсан үшін салықтық есептілікті ұсынған кезде бейрезидент-салық төлеушінің резиденттігін растайтын құжаттың көшірмесін тұрған жеріндегі салық органына ұсынуға міндетті.
Салықтық есептілікте мыналар көрсетіледі:
1) халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес есептелген (төленген) кірістердің және ұсталған, ұстап қалудан босатылған салықтардың сомалары;
2) табыс салығының мөлшерлемелері;
3) халықаралық шарттардың атаулары.
3. Халықаралық шарттың ережелері қолданылмаған жағдайда салық агенті осы Кодекстің 683 және 684-баптарында көзделген тәртіппен және мерзімдерде төлем көзінен табыс салығын ұстап қалуға және аударуға міндетті.
4. Салық агенті бейрезидент-түпкілікті кіріс алушының кірістерінен ұсталған табыс салығын бюджетке аударған жағдайда, осындай бейрезиденттің халықаралық шарттың ережелеріне сәйкес төлем көзінен артық ұсталған табыс салығын қайтаруға құқығы бар.
Бейрезидент салық агентіне:
1) базалық активі резидент-эмитенттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;
2) мұндай бейрезидентке кіріс дивидендтер түрінде есепке жазылған кезең үшін оның резиденттігін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды, егер халықаралық шартта өзге мерзім белгіленбесе, бейрезидент бюджетке төлем көзінен ұсталған табыс салығын соңғы аудару күнінен бастап талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін ұсынады.
Артық ұсталған табыс салығын бейрезидентке қайтаруды салық агенті жүргізеді.
5. Салық агенті өзінің тұрған жеріндегі салық органына бейрезиденттің кірістерінен депозитарлық қолхаттардың базалық активі болып табылатын акциялар бойынша дивидендтер түріндегі табыс салығын ұстап қалу және аудару жүргізілген салықтық кезең үшін төмендетілген мөлшерлеме қолданылған кездегі табыс салығының азаю сомасына төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша қосымша есеп-қисапты ұсынуға құқылы.
Көрсетілген жағдайда төлем көзінен ұсталған табыс салығының артық төленген сомасын салық агентінің есебіне жатқызу осы Кодексте айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-707/