НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

708-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

кірістерге салық салу мақсатында бейрезидент- заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын шегерімге жатқызу тәртібі
1. Егер бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен салық салынатын кірісін айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелерінде бейрезидент-заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі – бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берілсе, онда мұндай шығыстардың сомасы өз таңдауы бойынша осындай бейрезидент-заңды тұлғамен мынадай:
1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің;
2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша айқындалады. Осы баптың және осы Кодекстің 709, 710 және 711-баптарының мақсаттары үшін бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында да, оның шегінен тысқары жерде іс жүзінде шеккен басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары деп танылады. Бұл ретте: қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі немесе бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында құрылымдық бөлімше ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес шегерімге жататын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары; бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен, Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары; бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізуге жатпайды.
2. Бейрезидент-заңды тұлғаның басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары – бұл ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.
3. Бейрезидент-заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салықтық кезең ішінде бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын тұрақты мекеменің шегеріміне жатқызу әдістерінің біреуін ғана қолданады. Бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі бейрезидент-заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшада көрсетіледі.
4. Бейрезидент-заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме:
1) халықаралық шарттың талаптары сақталған;
2) осы Кодекстің 709-бабының 3-тармағында немесе 711-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттар болған;
3) бейрезидент-заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжат болған кезде шегерімге жатқызады.
5. Егер осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттар шет тілінде жасалса, мұндай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.
6. Бейрезидент-заңды тұлға резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-708/