НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

72-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салықтық

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

міндеттемесін орындау
1. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі:
1) меншік құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлік болмаған жағдайда тоқтатыла тұруға жатады;
2) меншік құқығында салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлік болған жағдайда, сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның мүлкіне қорғаншылық жасау жөніндегі міндет жүктелген тұлға (бұдан әрі – мүліктің қорғаншысы) тарапынан орындалады. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салықтық міндеттемесі оны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап:
1) осындай адамның мұрасы қабылданған не мүлкі иесіз деп танылған;
2) оны хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісінің күші жойылған күнге дейінгі кезеңде тоқтатыла тұрады немесе оны мүліктің қорғаншысы орындайды.
2. Мүлік қорғаншысы сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның мүлкінен салық төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындайды.
3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкі оның салықтық берешегін өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда оның салықтық берешегінің өтелмеген бөлігі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады. Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы мүлкінің жеткіліксіздігі туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
4. Адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы сот актісінің күші жойылған кезде бұрын есептен шығарылған салықтық берешектің қолданылуын талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, салық органы салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімге сәйкес қайта бастайды және ол өндіріп алынуға тиіс. Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді салық органы адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-72/