Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
73-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе жеке
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 72. Определение дохода физического лица, подлежащего
· толық сәйкестік кестесі
практикамен айналысқан адамның салықтық берешегін өтеу
1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күнге жиналып қалған салықтық берешегін, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде өтейді.
Дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысқан адамның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күнге жиналып қалған салықтық берешегін өтеу осы бапта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Егер жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала дара кәсіпкердің және (немесе) жеке практикамен айналысқан адамның тіркеу есебінде тұрмаған қайтыс болған жеке тұлғаның мұрагері болып табылса, онда мұндай мұрагер мұра қалдырушының салықтық берешегін өтеуден босатылады, ал мұра қалдырушының салықтық берешегі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің негізінде есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжаттың және салық органындағы тіркеу есебі мен қайтыс болған күніне салықтық берешегі туралы деректердің негізінде шығарады.
3. Егер қайтыс болған дара кәсіпкердің және (немесе) жеке практикамен айналысқан адамның мұрагері жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болып табылса, онда мұра қалдырушының салықтық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме салықтық берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана осындай мұрагерге жүктеледі.
Салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжаттың және салық органындағы тіркеу есебі мен қайтыс болған күніне салықтық берешегі туралы деректердің негізінде салықтық берешегін өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.
Салықтық берешекті өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған кезде мұра қалдырушының салықтық берешегі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы салықтық берешекті өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
4. Егер қайтыс болған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салықтық берешектің өтелмеген бөлігі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
5. Мұрагерлер болмаған немесе барлық мұрагерлер мұрадан бас тартқан және мүлік коммуналдық меншікке берілген кезде қайтыс болған жеке тұлғаның салықтық берешегі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы қайтыс болған адамның мүлкін иесіз қалған мүлік деп тану туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
6. Жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісінің күші жойылған кезде мұндай жеке тұлғаның бұрын есептен шығарылған салықтық берешегінің қолданылуын талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, салық органы салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімге сәйкес қайта бастайды және ол өндіріп алынуға тиіс.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді салық органы жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісінің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-73/