Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
74-бап. Таратылған, қайта ұйымдастырылған және қызметін тоқтатқан
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
кезде салықтық міндеттемені орындаудың жалпы ережелері
1. Осы баптың мақсаттары үшін мыналар қызметі тоқтатылатын тұлға деп танылады:
таратылатын резидент-заңды тұлға;
Қазақстан Республикасында қызметі тоқтатылатын бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
Қазақстан Республикасында қызметі тоқтатылатын бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесі;
қызметі тоқтатылатын резидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;
қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер;
қызметі тоқтатылатын жеке практикамен айналысатын адам;
бөлініп шығу, бірігу, бөліну немесе қосылу арқылы қайта ұйымдастырылатын заңды тұлға;
құқықтары мен міндеттерін шетелдік резидент-заңды тұлғаға беретін, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық мекемесін ашпаған тұрақты мекеме.
2. Таратудың салықтық есептілігі қызметі тоқтатылатын тұлға төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің түрлері мен әлеуметтік төлемдер бойынша таратудың салықтық есептілігін ұсыну міндеттемесі туындаған салықтық кезеңнің басталуынан бастап осындай есептілік салық органына ұсынылған күнге дейінгі кезең үшін жасалады.
Егер кезекті салықтық есептілікті ұсыну міндеттемесі туындаған салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезең үшін осындай кезекті салықтық есептілікті ұсыну мерзімі таратудың салықтық есептілігі ұсынылғаннан кейін басталса, мұндай кезекті салықтық есептілікті ұсыну таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
3. Осы баптың 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес ұсынылған кезекті салықтық есептілікте және таратудың салықтық есептілігінде көрсетілген салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді және әлеуметтік төлемдерді төлеу таратудың салықтық есептілігі салық органына ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Ақшалай есеп айырысулармен байланысты қызметті жүзеге асыру тоқтатылған кезде қызметі тоқтатылатын тұлға тұрған жеріндегі салық органына осы Кодексте айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын (бар болса) есептен шығару туралы салықтық өтініш беруге міндетті.
5. Қызметті тоқтату туралы өтініш тиісті тіркеуші органға ұсынылған күннен бастап қызметі тоқтатылатын тұлғаны салық органы тарату (қызметін тоқтату) сатысындағы салық төлеуші деп таниды.
Осындай салық төлеуші туралы мәліметтер осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өтініш ұсынылған күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жататын тарату (қызметін тоқтату) сатысындағы салық төлеушілердің тізіміне енгізіледі.
6. Қызметі тоқтатылатын тұлғаның салықтық міндеттемені тиісінше орындауы осы Кодекске сәйкес салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру, оның ішінде салықтық тексеру жүргізу арқылы тексеріледі.
Салықтық тексеру қызметі оңайлатылған тәртіппен тоқтатылған кезде жүргізілмейді.
Салық төлеушілердің (салық агенттерінің), оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттарының қызметін тарату, қайта ұйымдастыру және тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындау тәртібін, қызметін тоқтату кезінде салықтық міндеттемені орындаудың оңайлатылған тәртібін, сондай-ақ салық төлеушілерді салық төлеушілердің жекелеген санаттарына жатқызу шарттарын уәкілетті орган айқындайды.
7. Салық төлеушіні таратылу (қызметін тоқтату) сатысындағы салық төлеушілер тізімінен алып тастауды салық органы:
1) нөмірлер тізілімдерінен шығару туралы мәліметтер алынған;
2) дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам тіркеу есебінен шығарылған;
3) дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған;
4) салық төлеушінің тарату (қызметін тоқтату) туралы шешімді өзгерту жөнінде жүгінген күнінен кейінгі үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-74/