НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

76-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкердің және жеке

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

практикамен айналысатын адамның салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері
1. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрған жеріндегі салық органына бір мезгілде:
1) қызметін тоқтату туралы өтінішті;
2) осы Кодекстің 74-бабының 2-тармағына сәйкес таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
2. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі осындай адамдардың ақшасы, оның ішінде олардың мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
3. Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам салық органында тіркеу есебінен шығарылған кезде мұндай адамдар қызметін тоқтатты деп танылады. Дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығару үшін мынадай шарттардың бір мезгілде сақталуы:
1) салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша, оның ішінде жүзеге асырылған салықтық әкімшілендіру қорытындылары бойынша берешектің болмауы;
2) салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда қайтарылуға жататын кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларының болмауы негіз болып табылады.
4. Жүргізілген салықтық әкімшілендіру қорытындылары бойынша дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның осы баптың 3-тармағында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі тіркеу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
5. Дара кәсіпкерді және жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығару туралы және одан бас тарту туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс.
6. Салық органы дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның қызметін салықтық әкімшілендіруді жеке тұлға мұндай қызметті талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде оңайлатылған тәртіппен тоқтатқаннан кейін жүргізуге құқылы. Салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет бойынша сәйкессіздіктерді (бұзушылықтарды) анықтаған кезде жеке тұлға:
1) осындай қызметті жүзеге асыру кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтар, бюджетке төленетін төлемдер мен әлеуметтік міндеттемелер бойынша салықтық міндеттемелерін есептейді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелері мен әлеуметтік міндеттемесін орындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-76/